Ханзада Хәрри: Қосалқы

Код:
1431312
Есть в наличии
exp_almaty_mar
Привезем сегодня до 22:00, если
оформите заказ до 17:00.

Экпресс-магазин в Алматы

Подробнее об ЭКСПРЕСС-ДОСТАВКЕ
Цена 6 310 ₸
Есть в наличии
Безопасная оплата

Безопасная оплата

Возврат 14 дней

Возврат 14 дней

Доступна рассрочка на 3 месяца

Доступна рассрочка на 4 месяца

Описание
Жиырмасыншы ғасырдың жүрек сыздатқан образдарының бірі: анасының табытының артынан келе жатқан екі кішкентай ханзада. Бүкіл әлем бұл жайтты қайғыра әрі түршіге бақылады. Диана ханшайымды жерлегенде миллиардтаған адамды Уильям мен Хәрри қандай халде екен деген сұрақ мазалады. Олардың өмірі ары қарай қалай өрбиді? Ұлыбританияның патша отбасының қандай құпиялары бар? 2023 жылы Хәрри ханзада аталған сұрақтарға жауап беретін уақыт келді деп шешті.

Диананың қазасына дейін 12 жасар Хәрри бейқам бала еді, тәждің «қосалқы»  мұрагері болды. Бірақ анасының қазасы барлығын өзгертті:  бала бітпейтін күрес жолына түсті. Ол ашумен, жалғыздықпен, баспасөз қудалауымен және айналаның үнемі тұрақты бақылауымен күресті.

21 жасында Хәрри әскер қатарына қосылды, Ауғанстанда қызметін өтеді де, үйіне жарақаттан кейінгі стресстен зардап шегіп,  паникалық шабуылдарға ұшырап оралды. Ханзада актриса Меган Марклды жолықтырмайынша өзін ұзақ уақыт бойы жоғалғандай сезінді. Бүкіл әлем әдемі жұптың махаббат хикаясына тәнті болып, ертегідегідей тойына қуанды. 

Бірақ әуел бастан ғашықтар баспасөз шабуылдарына тап болды, оларды қорлады және өтірік айтты деп айыптады. Махаббатын және әйелінің денсаулығын сақтау үшін Хәрри туған елінен қашты. Патша отбасынан кету  —  ғасырлар бойы көбінің батылы бармайтын қылмыс еді.  Шындығында, бұны істегісі келген соңғы адам Хәрридің анасы, Диана ханшайым болды.

«Қосалқы»  —   Хәрри ханзаданың бұлжымас шыншылдықпен  баяндаған тарихы. Кітаптан Виндзор отбасының өмірі туралы егжей-тегжейлі біліп қана қоймай, сондай-ақ өзін-өзі талдауды және даналық пен құштарлық күшін табасыз. 

Дәйексөздер
Кінә және ұят сезімдерінің кесінінен кейбір кезде маған тыныш тыныс алу қиынға соқты. Бұл кезде газеттер менің терімді тірідей сыпырып бастаған еді. 

Егер мен ұрыс даласынан жаңа ғана көзін құртқан жігіт британ сарбаздарын әлі өлтірмесе, жақында өлтіреді. Оны өлтіру британдықтардың өмірін, британ отбасыларын құтқару дегенді білдірді.  

Кір жуудан бөлек мен өзім үй шаруаларымен айналысып жүрдім, тамақ пісірдім, азық-түлік сатып алдым. Сарай жанында супермаркет болды, мен соған кем дегенде аптасына бір рет барып жүрдім. 

Мег кішкене боянып алған еді, іс-шара алдында мен оған кеңес бердім. Па көп боянатын әйелдерді құптамайтын. 

Ханзада Хәрри, Сексекс герцогы —  британ патша отбасының мүшесі,  III Чарльз патша мен Диана ханшайымның ұлы және ханзада Уильямның ағасы. Патшайым ІІ Елизаветаның  немересі.  2020 жылы әйелі Меган екеуі патша отбасындағы ресми міндеттерінен бас тартты. 
Характеристики
Автор Принц Гарри
ISBN 978-601-7147-87-7
Издательство Zerde Publishing
Издание Қосалқы
Возраст 16+
Год издания 2024
Жанр Биографии, мемуары
Переплет Мягкая усиленная обложка
Страна производитель Россия
Язык Казахский
Отзывы 3
Вопросы и ответы 0
Новый отзыв Задать вопрос
Закрыть
Оцените товар
Допустимые форматы jpg, png
Закрыть